Түркістан облысында түрмедегілер бүлік шығарды

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысында сотталғандар түрмеде бүлік шығарды, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі сотталғандардың бір бөлігі қамауда ұстау режимімен келіспей, қарсылық білдіргенін нақтылайды.

"Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мекемеге ҚАЖ төрағасы, ҚАЖД және Ұлттық ұланның басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ қадағалау органдары өкілдері келіп, тәртіпті қадағалауда".

Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен ҚАЖД-ның бір қызметкері медициналық көмекке жүгінді. Олардың жеңіл дене жарақатын алғаны айтылады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

Бұған дейін Шымкент колониясында 37 жастағы сотталушы белгісіз жағдайда көз жұмғаны хабарланған болатын. Ер адамның түрмеге түскеніне бір-ақ ай болған. Марқұмның туыстары оның өліміне мекеме қызметкерлерінің қатысы барына сенімді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады