Депутаттар заңға ұлы тұлғаларды мазақ еткендерді қатаң жазалайтын норма енгізуді ұсынды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов 2024 жылғы 9 қазандағы пленарлық отырыста қазақ халқының ұлы тұлғаларын қорлауға қатысты пікір білдіріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Абай – кришнайт, Сәкен - сатқын, Мұстафа - қашқын. Ұлы тұлғаларды осылай мазақ ететін жастар көбейген. Депутаттар ел мақтаныштарының ар-намысын аяққа таптағандарды заң алдында жауапқа тартуды ұсынды. Жыр алыбы – Жамбылды "туфли жалағыш", Шәмшіні "арақ ішкіш" деп, батырларымызды – байғұс, тұлғаларымызды – тулақ етіп жатқан мысалдар аз емес. Қазақ поэзиясының таутұлғасы Мұқағали Мақатаевтың аруағына тіл тигізген жігіт елдің есін екеу, түсін төртеу қылды. Халық қалаулылары тұлғалардың бәрі ұлтқа ортақ екенін айтып, тиісті шара қолдану керегін айтты", деп хабарлайды Astana.tv

"Ел боламын десең бесігіңді түзе!" деген. Ал бесігімізді қандай құндылықтар тербеп жатыр? Елдің ертеңін сеніп тапсыратын ұрпақ қалыптастырамыз десек, үкіметтік деңгейде жеделдетіп Ұлттық құндылықтар жүйесіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет". Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

Сондай-ақ халық қалаулысы балабақшаларда, мектептерде, оқу-ағарту бағытында бұлжымас ұлттық тәрбие мен патриоттық іс-қимыл шараларын жүзеге асырылуы керектігін айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады