Маңғыстауда көлігімен жарық бағанын соғып, оқиға орнынан қашқан ер адам 30 тәулікке қамалды

Сурет: freepik
Маңғыстау облысында жүргізуші куәлігінсіз көлікке мініп, жарық бағанына соғылып оқиға орнынан қарыш кеткен әрі қоғамдық мүлікті бүлдірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімшілік іс Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігі бойынша қаралды.

"Көлік құралын жүргізу куәлігінің мерзімі 2016 жылы аяқталғанын біле тұра, ер адам 2024 жылы 22 қыркүйек сағат 13:00 шамасында, Түпқараған ауданында Баутино ауылындағы Куржиманұлы көшесінің бойында Nissan Primer» автокөлігін басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, жолдың бойында орналасқан жарық бағанасын соғып, оқиға болған жерден кетіп қалған", делінген облыстық сот хабарламасында.

Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот  бұған дейін жасаған әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттерінің санын ескеріп, ер адамға қамаққа алу түріндегі жаза тағайындауды жөн деп тапты.

Сот қаулысымен оған 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін