Ресейде қазақстандық хит ән авторының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: ВКонтакте/Игорь Цыба
Мәскеудегі Никулинский соты есірткіні насихаттағаны үшін қазақстандық орындаушы Ицык Цыперге (шын аты – Игорь Цыба) қатысты толтырылған әкімшілік хаттаманы тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің тіркелгенін соттың сайтынан көруге болады.

Онда келтірілген деректерге сәйкес, ӘҚБтК-нің 6.13-бабының 2-бөлігі бойынша музыкантқа қатысты іс қозғалған (шетелдік азаматтың есірткіні насихаттауы). Бұл бап бойынша қарастырылған жаза – 30 мың рубльге дейін айыппұл (150 мың теңгеден астам) немесе 15 тәулікке дейін қамау, содан кейін елден шығару.

Ресейлік БАҚ атап өткендей, хаттама Youtube-те жарияланған "Дымок" бейнебаянында есірткіні насихаттағаны үшін толтырылған. Бұл бейнебаян, тіпті Ресей аумағында бұғатталған. Соңғы мәліметтер бойынша, 11 қарашада аталған бейнежазба 71 миллионнан астам қаралым жинаған.

Сондай-ақ, ашық ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, әртіс 1962 жылы Қостанайда дүниеге келген. Оның үйленгені белгілі. Жұбайының есімі - Сәуле, ол күйеуінен 7 жас кіші.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды