Қазақстанда болат дайындамаларын әкетуге тыйым салу енгізіледі

Сурет: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2024 жылғы 11 қарашадағы "Болат дайындамаларын шығаруды реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрықты бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта:

Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары 7206-құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы темір және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа), 7207 — темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар енгізілсін.

Ведомство бұйрықтың жобасын қосылған құны жоғары орта және жоғарғы қайта бөлудің дайын өнімін шығара отырып, болат өнеркәсібін кеңейту үшін отандық металлургиялық кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында әзірленгенін түсіндірді.

Бұйрық 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер