Ақтөбе облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады

"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Үкіметтің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2049 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы құрылсын", — делінген құжатта.

Сондай-ақ, "Ақтөбе" АЭА туралы ереже және АЭА нысаналы индикаторлары әзірленді.

"Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы Ақтөбе облысында, Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі "Оңтүстік айналма" тас жолының бойында, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының жанында орналасқан.

АЭА аумағы Қазақстан Республикасының аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 858 гектар жерді құрайды.

АЭА құрылу мақсаты:

  1. отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, бұл өнеркәсіптің дамуына және қосымша жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді;
  2. өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру және импортқа тәуелділікті азайту, бұл тиісті салалардың дамуына және Ақтөбе облысының бәсекеге қабілетті аумағында өндірілетін тауарлардың тиімділігін арттыруға көмектеседі;
  3. өндірістік және логистикалық процестерді тиімді ұйымдастыру үшін географиялық орналасудың артықшылықтарын пайдалану, соның ішінде компоненттер мен тораптарды экономикалық тиімді жеткізу үшін Ресей шекарасына жақын орналасу және "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің қолжетімділігі, бұл Қазақстан, Орталық Азия және Ресей нарықтарында өнімді тиімді сатуға мүмкіндік береді.

Егер ҚР ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

Құжат 10 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Ақтөбе Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: