Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді

Сурет: pexels
20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеу жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.

"2024 жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады. Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды", - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда жол үстінде дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынғанын жазғанбыз.

БАЭ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді