Алматы-Өскемен тас жолында ұйытқыған қатты жел салдарынан жүк көлігі аударылып қалды

Сурет: polisia.kz
2024 жылғы 26 желтоқсанда шамамен сағат 16:00-де Алматы-Өскемен тас жолында жүк көлігі қатты соққан жел салдарынан аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл фактіні ҚР ІІМ баспасөз қызметі растады. 

"Алматы-Өскемен тас жолының 939-шы шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды: қатты желдің салдарынан MERCEDES BENZ маркалы жүк көлігі аударылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ", делінген хабарламада.

Полицейлер жүргізушілер мен жолаушылардың , әсіресе ұзақ қашықтыққа шыққанда мына жағдайларға назар аударуды сұрайды:

  • Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз.

 • Қатты жел немесе нашар көріну жағдайында жылдамдықты төмендетіңіз және мүмкіндігінше ұзақ сапардан аулақ болыңыз.

Бұған дейін Қарағанды облысында жоғалып кеткен бір үйір жылқы мұз астынан табылғанын жазған болатынбыз.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді