Қарағандыда көшеде мас күйінде қарда жүретін көлікпен жүйіткіп жүрген ер адам ұсталды

Сурет: unsplash
Қарағанды орталығында мас күйінде қарда жүретін (снегоход) көлікпен жүйіткіген ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында жолдарда мас күйде көлік тізгіндеген екі жүргізуші ұсталды. Олардың арасында қала орталығында қарда жүретін көлікті тізгіндеген 37 жастағы ер адам да бар.

"Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі сезілген, ал медициналық куәландыру мас болудың жеңіл дәрежесін растады. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ол сотқа жіберіледі". Қарағанды облысы ПД

Жалпы, Қарағанды облысында Жаңа жыл түні қылмыс болмады. Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері туындаған жағдайларға жедел ден қойды. Сонымен қатар, қалың адам арасында адасқан үш кәмелетке толмаған бала табылды. Тәртіп сақшылары оларды ата-аналарына тапсырды.  

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды