Алматыда Тілендиев көшесін ұзартуға байланысты жекеменшіктің жер телімдері алынбақ

Алматы, Алатау ауданы, Тілендиев, көше, ұзарту, жекеменшік, жер телімі, алып қою, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 21:26 Сурет: Zakon.kz
Алатау ауданының Дархан ықшам ауданында екі жер учаскесінің белгілі бір бөлігін мемлекет меншігіне алып қою жоспарланып отыр. Бұл - Тілендиев көшесін ұзартумен байланысты қабылданған шешім, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық жер қатынастары басқармасының сайтында жарияланған қаулыға сәйкес, Тілендиев көшесін ұзарту үшін Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін орналасқан 2 (екі) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару көзделеді.

Құжатта көрсетілгендей, алып қоюға Қуанышбаева көшесінде орналасқан екі жер телімі жатады:

  • 54А үй: жалпы ауданы - 0,0770, иеліктен шығарылатын ауданы - 0,0018.
  • 55 үй: жалпы ауданы - 0,0537, иеліктен шығарылатын ауданы - 0,0036.
"Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін", делінген әкімдік қаулысында.

Бұған дейін Ақтау әуежайы маңындағы ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: