Қостанайда жанар-жағармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Әулиекөл ауданында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалды. Бетін бөкебаймен орап, қалпақ киген белгісіз адам оператор әйелге күш қолдана отырып, пышақпен қорқыта 33 мың теңгені қолды қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 41 жастағы күдікті ұсталды.

"Қазіргі уақытта қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді", делінген полиция хабарламасында.

Осы қылмысты жасағаны үшін оған мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екені де нақтыланады. 

Бұған дейін Таразда ер адам өзін құрылыс кранына байлап, күш құрылымдарына талаптар қойғаны хабарланған.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек