Оралда түнгі клубтағы қанды төбелеске қатысты деген екі күдікті ұсталды

Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Орал қаласында түнгі клубтардың бірінде ер адамға дене жарақатын келтірген екі күдікті ұсталды. Бұл мәліметпен 2025 жылы 20 қаңтарда ҚР ІІМ баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады. Оларға қаңтар айының басында түнгі клубтардың бірінде болған оқиғаға қатысы бар деген күдік келтіріледі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті криминалдық топтың өкілдері қатысқан төбелес кезінде, қатысушылардың бірі жиналмалы пышақ қолданып, қарсыласына дене жарақатын салған. Арнайы бөлініс қызметкерлерінің көмегімен күдіктілерді жеке тінту және тұрғылықты жерінде санкцияланған тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше суық қару тәркіленді", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Атырауда 10 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған пәтер ұрысы ұсталғаны хабарланған.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті