Атырауда 10 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған пәтер ұрысы ұсталды

Әшекей, алтын бұйымдары, Атырау, пәтер ұрысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 18:26 Сурет: pixabay
Атырауда пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті тұрғын үйлердің пластикалық терезесін күшпен ашып, жалпы сомасы 10,3 млн теңге тұратын әртүрлі алтын бұйымдарды ұрлаған.

Тексеру барысында 35 жастағы күдікті алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардтарға тапсырғаны анықталды. Жәбірленушілердің бірі ломбардтан тәркіленген заттардың ішінен өзіне тиесілі 7 бұйымды таныды.

Қазіргі таңда күдікті ұсталды, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін алаяқтар "көлік сатамыз" деп аңқау тұтынушыларды алдап, алдын ала төлем алып жүргені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: