"Қыздардың суына қосып береді". Елорда тұрғындарына ескерту жасалды

Сурет: pixabay
Елорда билігі қала тұрғындарына ескерту жасап, маңызды мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, соңғы жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталды, олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздарға, сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі. Елорданың Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы осылай деп ескерту жасады. 

Мамандар өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруді ескертеді.

"Мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, кішкентай, көп орын алмайды және ең бастысы – бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл – қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі", делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталғанын хабарлағанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды