Түркістан облысында заң бұзушы ізіне түскен полицей қаза тапты: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады

Сурет: Facebook/Ержан Саденов
5 наурызда Жібек жолы-Жетісай тас жолында Түркістан облысы ПД патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов қайғылы жағдайда қаза тапты. Ол қылмыскерді қуалап, ізіне түскен-тұғын. Бұл туралы Zakon.kz сайтына облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша процессуальды шешім қабылданатынын атап өтті.

"Түркістан облысының полиция департаменті полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, шын жүректен көңіл айтады және марқұмның отбасына қажетті қолдау шараларын көрсетеді", – деп атап өтті өңірлік ПД.

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те аталған жағдайды растап, Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады:

"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын".

Бұған дейін Түркістан облысында полицейдің жолда қиын жағдайға тап болған шетелдік жүргізушіге көмектескенін жазғанбыз.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады