Полиция жолда қиын жағдайға тап болған шетелдік жүргізушіге көмектесті

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 10:29 Фото: polisia.kz
Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен жеке құрам қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген режимде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Полиция қызметкерлері соңғы тәуліктерде қарға батып жүре алмай қалған, жол шетіне шығып кеткен көліктерге көмектесті.

Мәселен, облыстық батальон қызметкерлері патрульдеу кезінде республикалық маңызы бар Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолының 2-шақырымында Түркістан бағыты бойынша келе жатып, жол жиегіне шығып, сайға түсіп кеткен Daewoo Gentra көлігін байқаған. Полицейлер жолда бірнеше сағат тұрып қалған жүргізушіге көмектесіп, көлігін трассаға шығаруға жәрдем берді.

Одан бөлек Алматы – Ташкент – Термез тасжолының 617-шақырымында жол бойында тоқтап тұрған Қырғызстан Республикасының жүк көлігін көріп, мән-жайды білді. Анықталғандай, жүк көлігі бұзылып қалған.

Бұл жайтта да тәртіп сақшылары бірден жәрдем етті. Полицейлердің қамқорлығына, жанашырлығына риза болған шетелдік жүргізуші шынайы алғысын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: