Түркістан облысында полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті

Түркістан облысында ауа райы күрт суытып, қалың қар түсуіне байланысты жолдар жабылып, жүргізушілерге қолайсыздық туғызуда. Полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу мен жолда қалғандарға көмек қолын созу мақсатында күшейтілген күн тәртібінде қызмет етуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары небары 12 сағат ішінде 200-ден астам жүк көлігіне көмектесіп, жолдан қауіпсіз жүруіне ат салысты.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер тәулік бойы жолды патрульдеп, қызметтерін жалғастыратын болады.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, синоптиктер бұл күндері елімізде циклон жүріп, кейбір өңірлерде қалың қар жауатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз