Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында есірткі сатқан күдікті ұсталды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 09:38 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі қылмысына күдікті ретінде 50 жас шамасындағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Жедел уәкілдер ұсталған ер адамның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді.

Нәтижесінде оның үйінде қағазға оралған және 40-тан астам сіріңке қораптың ішінен өсімдік тектес есірткіге ұқсас заттарды тауып алып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес алынған есірткі заттарының жалпы салмағы марихуана болып шықты.

Қазіргі таңда күдіктікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: