Атырау облысында полицейлер жол бойында қалған 250-ден астам көлік жүргізушісіне көмектесті
Сурет: видео скрині
17 желтоқсанда Атырау облысы аумағында қалың қар жауып, салдарынан тас жолдарда көктайғақ болды. Осыған байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы тас жолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді. Сондай-ақ Индер ауданыны аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.
"Құрметті көлік жүргізушілері! Ауа райының қолайсыздығына байланысты өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартып, қауіпсіздік сақтауыңызды сұраймыз!"ҚР Ішкі істер министрлігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript