Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда жекеменшік компаниялардың бірінің шетелге 1,8 млн долларды заңсыз шығару әрекеті прокуратураның назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокурордың өтінішін қарауда Маңғыстау облыстық сотының сот алқасы бұрын қабылданған шешімнің күшін жойып, компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Компанияға валюталық түсімді заңға сәйкес белгіленген мерзімде репатриация жасамағаны үшін 153 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Оралда терминалдан ірі көлемдегі ақша ұрланғанын жазғанбыз.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады