Оралда терминалдан ірі көлемдегі ақша ұрланды

Оралда терминалдан ірі көлемдегі ақша ұрланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 21:49 Сурет: Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті
Полицейлер терминалдың істен шығуын пайдаланып, бөтен ақшаны жымқырған үш ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан полиция департаменті 28 наурыз күні кешке бейтаныс біреулер сауда үйлерінің біріндегі банк терминалынан 680 мың теңге ұрлап кеткенін хабарлады. Бұл ақша 53 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болған. Ол ақшаны терминалға салып, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Алайда дәл осы сәтте техникалық ақау болып, күдіктілер осы сәтті пайдаланған.

"Полиция қызметкерлері ақшаны өзара бөлісіп алған үш күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың бірі бұрын сотталған", - деп атап өтті полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: