Таразда ағаш құлап, бүлінген көлік шығынын әкімдік өтейтін болды

Сурет: Zakon.kz
Тараз қалалық сотында Тараз әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты материалдық залалды өндіріп алу туралы тараздықтың талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа жүгінуге себеп - қолайсыз ауа райына байланысты сынған ағаштың жартысы тұрақта тұрған үш көліктің үстіне түсуі болды. Салдарынан көліктерге әртүрлі деңгейдегі механикалық зақым келген. Қалған екі жүргізуші зақым көлемінің аздығына байланысты арыз жазудан бас тартты.

Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қалалық полиция басқармасы азаматқа сотқа жүгінуді ұсынды. Талап қоюшының шағымына жауапкер залалды өтеу үшін бюджеттен қаражат қарастырылмағанын хабарлады.

"Сот коммуналдық мекеме ағаш құлаған жол төсемін ұстауға жауапты екенін анықтады. Туындаған залал мен жауапкердің әрекеттері не әрекетсіздігі арасындағы себеп-салдарлық байланыстың, сондай-ақ ұсынылған дәлелдемелердің, куәның айғақтарының және прокурордың қорытындысының болуын ескере отырып, сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды. Жауапкерден талап қоюшының пайдасына жалпы сомасы 550 мың теңгеге материалдық залал мен сот шығыстары өндірілді", делінген сот хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Ақтөбеде ем іздеп келгендерге несие алдыртқан емшінің ісі сотқа жеткенін жазғанбыз.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды