Ақтөбеде ем іздеп келгендерге несие алдыртқан емшінің ісі сотқа жетті

Ақтөбеде жанына дауа іздеп келген адамдарға "миллиондап несие алғызды" деп айыпталған халық емшісінің ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрғындардың айтуынша, емші әр адамға әртүрлі сылтау айтқан. Бірде қызының еміне ақша жетпей жатқанын айтса, бірде мешіт құрылысы, тағы бірде бизнесіне қаражат керектігін алға тартып, адамдарға банктен несие тіркеткен. Кейін ол несиелерді төлемей қойған. Ақыры тұрғындар шу шығарып, полицияға шағымданды. 2025 жылы қаңтар айында күдіктінің үстінен алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 90 адам зардап шеккен. Ал жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Astana.tv.
"Өзіне ем алуға келген тұтынушыларға әртүрлі банктерден несие алып беруін өтініп, алып берген несие ақша қаражатын екі ай ішінде толығымен жауып бере алатын мүмкіндігі барын айтып сенімдеріне кіріп, бұның заңмен қудаланатын іс -әрекет екенін көрнеу біле тұра қасақана тікелей пайдакүнемдік ниетімен алаяқтық екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау яғни сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті иемдену арқылы алаяқтық жасау арқылы ауыр дәрежелі қылмысты жасаған". Мемлекеттік айыптаушы Гүлназым Әлиева
Жәбірленушілердің бірі Анар Ержанова емшіге 5 млн теңге несие алып бергенін айтады.
"1 миллион Каспий банктен, қалғанын Евразия банктен тіркеттім. Каспиді ай сайын қақылдап жүріп, жаптырдым. Енді Евразия қалды. Қазіргі кездегі қалғаны - 3 млн теңге. Менің талабым мойнымдағы кредитті алып тастасын", - дейді жәбірленуші.
Бұған дейін Алматы облысында "жер алып беремін" деп ақша жинап алып, көпті зар илеткен 62 жастағы әйелдің тұтылғанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript