Ақтөбе облысында пара алды деп күдікке ілінген мектеп директорының ісі сотқа жетті
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында пара алды деген күдікпен ұсталған мектеп директорының ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, №6 мектептің директоры 600 мың теңге көлемінде пара алған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрылады. Айыппұл салынады немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
"Шалқар аудандық сотында айтарлықтай мөлшерде пара алу айыбымен, яғни Қылмыстық кодекстің 366 бабы 2-бөлігімен сотқа берілген мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Осы іс бойынша басты сот талқылауы 27 ақпанға белгіленді". Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндет
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript