Пара алды деп күдікке ілінген Ақтөбе олысы әкімінің орынбасары сотталды

Сот үкімі, пара, Ақтөбе олысы, әкімнің орынбасары, Зайрымбет, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 19:35 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық соты аудан әкімінің орынбасары мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына қатысты үкім шығарды. Екеуі де пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім Б. Зайырымбет пен оның орынбасары А. Беркімбаевқа қатысты сот үкімі 2025 жылы 23 сәуірде шықты.

Іс материалдарына сүйенсек, 2024 жылғы 27 желтоқсанда олардың бірігіп, коммерциялық ұйым басшысынан 2,3 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. 2024 жылғы 27 желтоқсанда шенеуніктер алдын ала сөз байласу бойынша әрекет ете отырып, коммерциялық ұйым өкілінен 2,3 млн теңге ақша алады. Пара мемлекеттік сатып алу аясында орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою, төлем жүргізу және жалпы қамқорлық көрсету үшін берілген, деп хабарлайды Антикор.

Сот аталған лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе облысының прокуратурасы "Ақтөбе" футбол клубына қаржылық тексеру жүргізді. Оның барысында 250 млн теңгенің бұзушылықтары анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: