"Жер алып беремін". Алматы облысында 62 жастағы әйел ондаған адамды алдап, зар илеткен

Ақша, алаяқтық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, әйел, жер, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 19:59 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында полиция ұзын-сонар тізбекті қамтитын алаяқтық бойынша қылмыстық іске нүкте қойды. Бұл ретте 62 жастағы әйел "жер телімін рәсімдеуге көмектесемін" деп алдап, көп адамнан жинап алған ақшаны сол күйі бермей кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 62 жастағы әйел кейбір тұрғындардан 45 мың теңге, ал біреуінен 200 мың теңге алған. Қазірдің өзінде 29 жәбірленуші анықталып отыр. Бірақ полицейлер бұл сан әлі де өсуі мүмкін екенін айтады.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер дәлелдерді мұқият жинап, барлық жәбірленушілерді анықтаумен қатар, оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", делінген департамент хабарламасында.

Тергеу шаралары жалғасуда.

Бұған дейін Алматыда такси жүргізушісін ұрып жіберген ер адам ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: