Алматыда такси жүргізушісін ұрып жіберген ер адам ұсталды

Такси, Алматы, әлеуметтік желі, жүргізуші, ұру, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 18:55 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде жас такси жүргізушісін ұрып жіберген ер адамның видеосы тараған болатын. Осы ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады", делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Алматы полициясы заң бұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Бұған дейін Алматыда жолаушы көлікте шылым шекпеуді сұраған такси жүргізушісін ұрып жібергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: