Алматыда жолаушы көлікте шылым шекпеуді сұраған такси жүргізушісін ұрып жіберді

Алматыда жолаушы көлікте темекі шегуге болмайтынын айтқан такси жүргізушісін ұрып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматылық Влад Кравчук өзінің Instagram парақшасында агрессивті жолаушымен бейне жариялады. Онда оның такси жүргізушісі ретінде екі адамды тасымалдап жүргендігін аңғаруға болады. Олардың бірі көлік ішінде темекі шеккенде, жүргізуші шекпеуін сұрайды. Алайда жолаушы агрессивті түрде жауап беріп, жүргізушіні ұрып, оған бейәдеп сөздер айтып, қарсылық білдірген.
Содан кейін жүргізуші оларды әрі қарай апарудан бас тартып, көліктен шығуды сұрады. Бірақ олар көліктен шықпай, ұрысып, бейәдеп сөздер айтып жалғастырды, сонда жүргізуші көлік ішіндегі "сөйлесу жазбасын" қосқанда ғана шықты.
Жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Ұрып-соғу фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан басқа, істің объективті мән-жайларын анықтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде". Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек
Бұған дейін Павлодарда түзеу мекемесіне есірткі жеткізу әрекеті әшкереленгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript