Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін пышақтап өлтірген

Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін пышақтап өлтірген, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 20:07 Сурет: unsplash
Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданына қарасты "Адай" базасы аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таксист жолаушыны алып кетуге барғанда сөзі жараспай төбелес басталып кеткен. Ақырында жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, үйіне кетіп қалған, деп жазды mangystaumedia.kz.

Жолаушы да пышақ жарақатын алған. Артынша облыстық ауруханаға түскен.

Ал облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі кеше 1979 жылы туған науқас іш қуысының пышақ жарақатымен түскенін мәлімдеді.

"Сынама алынып, кеше түнде 22.20-да ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді аураханасының баспасөз хатшысы. 

Ал полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті ұсталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: