Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда такси жүргізушісін айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Кісі өлімі, такси жүргізушісі, қасақана кісі өлтіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 13:07 Сурет: pexels
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері бес жыл бұрын такси жүргізушісін айуандықпен өлтірген күдіктіні анықтады. Арнайы операция кезінде Көкшетау қаласында 27 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Такси жүргізушісін бес жыл бұрын белгісіз біреу бірнеше жерінен пышақтап кеткен.

2017 жылдың тамыз айында күдікті базарлардың бірінің маңынан Daewoo-Nexia таксиін жалдап, «Лесозавод» ауданына қарай бет алған. Межелі жерге жеткенде жүргізуші мен жолаушы арасында жол ақысына қатысты кикілжің туындаған. Такси жүргізуші жолаушы ұсынған ақыға келіспеген. Кикілжің барысында жолаушы пышағын алып, жүргізушіні 17 жерінен пышақтаған, жүргізуші сол жерде қайтыс болған. Кісі өлтіргеннен кейін қылмыскер ізін жасырмақ болып, көлікте қалған саусақ іздерін мұқият сүрткен.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жолаушы қылмыс жасаған жерден қашып кетіп, бірнеше күннен кейін көрші елге кетіп қалған.

Бес жыл бойы астаналық полицейлер кісі өлтірді деген күдіктіні анықтау үшін жан-жақты жұмыс жүргізді. Сот-медициналық сараптама қылмыс орнында табылған барлық бөлшектер мен іздерді зерттеді. Екі жылдан кейін криминалист көліктің жүк салғышындағы саусақ ізін зерттей келе, сәйкестік тапты. Алайда тергеу барысында саусақ ізі жанармай құю бекетінің қызметкеріне тиесілі екені белгілі болды, такси жүргізушісі қайғылы оқиғадан сәл бұрын сол жерде болған, іздеу жұмыстары ары қарай жалғаса берді.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

2021 жылдың соңында криминалистер тағы бір саусақ ізі сәйкестігін анықтады және тексеру жұмысы қайта басталды.

Анықталғандай, саусақ ізінің иесі 2014 жылы Беларусь Республикасында ұрлық жасағаны үшін сотталған. Ол Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында оның кісі өлтіруге қатысы бары анықталды. Ұсталғаннан кейін бұлтартпас айғақтардың күшімен күдікті өз әрекетін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында жатыр.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: