Шымкент тұрғыны өз баласына шамамен 8 млн теңге қарыз болып қалған

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының прокурорлары ел азаматынан алимент бойынша ірі қарыз - 7 905 638 теңгені өндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдау нәтижесінде 6 жыл ішінде дәлелді себепсіз 7 905 638 теңге сомасына алимент бойынша берешек төлемеген О. есімді борышкер анықталды. Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

"Аудан прокуратурасымен аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен СДТБТ-ге қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру нәтижесінде сотқа жолдаған. 2025 жылы 6 ақпанда борышкер сот отырысында жәбірленушімен татуласып, алимент бойынша қарыз берешекті, яғни 7 905 638 теңгені толық көлемде өтеуіне байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негізбен тоқтамға алынды".

Прокуратура баладан ұрланған әрбір теңге – оның білім, денсаулық және жарқын болашаққа деген мүмкіндігін ұрлау екенін, алимент – бұл тек заңды міндет емес, сонымен қатар өз балаңның алдындағы жауапкершілік екенін еске салады.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі