Қазақстандықтарға жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алуға қандай субсидиялар бөлінеді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің м. а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау Ережесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Субсидиялау – жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдауға (жалға алуға) ақы төлеу мақсатында субсидия алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін өтемақы түрінде өтеусіз негізде тағайындалатын мемлекеттік қолдау.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды тағайындау және жүзеге асыру (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі (көрсетілетін қызметті беруші), арқылы тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органмен жасалған қызметтер көрсету шарты негізінде төленеді.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін субсидиялау бюджет қаражаты есебінен 50 (елу) пайызы және көрсетілетін қызметті алушының есебінен 50 (елу) пайызы тепе-теңдік негізінде жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемнің 50 (елу) пайызы мынадай шығыстарды құрайды:

Субсидиялау кімге тиесілі

Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасында, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепте тұрған Қазақстан Республикасының мынадай азаматтарының жекелеген санаттарына жүзеге асырылады:

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігіне субсидиялауды тағайындау отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспаған кезде жүзеге асырылады.

Отбасының (көрсетілетін қызметті алушының) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында есепті кезеңде алынған мынадай табыс ескеріледі:

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау ұсынылған кезде келесі қаржылар қызметті алушының кірісіне қосылмайды.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау жалға берілетін тұрғынжайдың ауданы мен отбасы құрамы санының өлшемшарттары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Отбасының құрамына байланысты жалға алынған тұрғынжайдың жалпы алаңына жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау үшін мыналарға рұқсат етіледі:

Алаңы үлкен тұрғынжайды жалдау кезінде жалға алынатын тұрғынжай алаңының көрсетілген өлшемшарттарының тек 50 (елу) пайызы ғана субсидиялауға жатады.

Егер жеке тұрғын үй қорында жалға алудың бір шаршы метріне тұрғынжайды жалға алу құны жалға алудың бір шаршы метрінің мөлшерінен төмен болған жағдайда, тұрғынжайды жалға алудың (жалдаудың) үлгілік шартының нысаны бойынша (жалдау шарты) тұрғынжайды жалға алудың шартында көрсетілген құн төлеуге жатады.

Жақын туыстардан және жұбайынан, оның ішінде бұрынғы жұбайынан, сондай-ақ жұбайының жақын туыстарынан тұрғынжайды жалға алуға жол берілмейді.

Субсидиялауды жүзеге асыру мынадай жағдайлар туындаған кезде тоқтатылады:

Субсидиялауды жүзеге асыру тәртібі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ақпараттандыру объектісі арқылы, сайт сілтемесі бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісіммін нысан бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтінішке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтініштерді көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдері береді және көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында қаралады.

Көрсетілетін қызметтерді беруші өтінішті қабылдайды және қарайды, көрсетілетін қызметтерді алушының көрсетілетін қызметтерді алушыға қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексереді, жалдау төлемдері мен төлеулерін есептеу үшін ағымдағы арнаулы шот ашады, сондай-ақ құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидия тағайындайды.

Субсидиялау кезінде көрсетілетін қызметті беруші сайт арқылы:

Көрсетілетін қызметті алушы ағымдағы арнайы шотта төлем сомасының 50 (елу) пайызын, сондай-ақ жалға алынатын тұрғын үй алаңына қойылатын өлшемшарттардан асып кетуіне байланысты көрсетілетін қызметті алушының өз қаражаты есебінен төлейтін соманы қамтамасыз еткен жағдайда, субсидия жалға берушінің жалдау шартында көрсетілген шотына аударуды жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметтерді беруші ай сайын жергілікті атқарушы органға жасалынған тұрғынжайды жалға беру (жалдау) шарттар туралы мәліметтерді ұсынады.

Жергілікті атқарушы орган көрсетілетін қызметті алушы жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын тұрғынжайдың нысаналы пайдаланылуына кемінде тоқсанына бір рет мониторингті жүзеге асырады.

Жалға алу шартында көрсетілген мекенжай бойынша үшінші тұлғалардың тұру фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік үш күн ішінде өзі қоныстанады.

Бұзушылықтар жойылмаған және (немесе) жалдау шартын талаптарының бұзушылықтары қайта анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде, оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату туралы көрсетілетін қызметті берушіге мәлімет жібереді.

Жақын туыстарынан және ерлі-зайыптылардан, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптылардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан тұрғынжайды жалдау фактісі анықталған жағдайда, болашақта оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату үшін мәліметтер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

Бұйрық 2025 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты