Астанада елді қорқытып, пранк жасаған блогерлер қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Астанада сәтсіз шыққан пранк авторлары қамауға алынды. Олар елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысы ішінде видео түсіріп, оны желіге жүктеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге "хайп" үшін көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысы ішінде марқұмды салған адамның бейнеролигін анықтады. Сол сияқты екінші видеода бір адам жеделсатыға жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстап алған.

"Олардың әрекеттері жеделсаты ішіндегі азаматтардың қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған. Мұндай "әзілдер" – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды.

Полиция “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында кез келген құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылатынын еске салады. Азаматтарды, әсіресе контент жасаушыларды, шектен шықпауға және танымал болуға ұмтылу ешқашан айналадағы адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі керектігін ескертеді. 

Бұған дейін Шымкентте мұғалімнен ақша бопсалаған блогер ұсталған еді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды