Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды

Шымкентте мектеп мұғалімін 1,2 миллион теңгеге бопсалаған блогер тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаладағы мектептердің бірінің өкілінің арызы бойынша полиция департаментінің қызметкерлерімен ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті азамат ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзінің медиа танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.
"Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- делінген ақпаратта.
Полиция қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Сондай-ақ, азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
Бұған дейін Қостанайда есірткі саудалайтын дүкен әшкере болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript