Полицейлер желідегі мониторингті күшейтті: "Мигель Коуч" лақап атымен танымал блогер ұсталды
Сурет: polisia.kz
Қазнетте "Мигель Коуч" лақап атымен танымал блогер Мирас Беркинбаев тұтқындалды. Оның ұсталуына TikTok әлеуметтік желісіндегі былапыт сөздері себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бейнежазба әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Видеода ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
"TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды. Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке ашық түрде таратқан",- деп мәлімдеді ведомство.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы 32 жастағы Мирас Беркинбаев болып шықты. Осылайша, ол өзінің әрекеті үшін сот алдында жауап берді.
Аталмыш тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.
Бұған дейін заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript