Ақсайда ер адам қарындасына қол жұмсаған күйеу баласын жазалаймын деп өлтіріп алды

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Ақсай қаласында ер адам күйеу баласының кеуде тұсының сол жағына және мойын тұсына пышақпен соққылар жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта қайғылы оқиға болған күні күйеубала ер адамның қарындасына қол жұмсағаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты қолдап, сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыға ең қатал жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

"Алқабилер алқасының үкімімен Г. өзіне тағылған айып бойынша аса ауыр қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Астанада елді қорқытып, пранк жасаған блогерлер қамауға алынғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған