Қазақстанда 1 шілдеден бастап отбасыға қатысты жаңа нысан пайда болады

Сурет: pixabay
Қазақстанда 1 шілдеден бастап елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі – "Кәсіби қабылдаушы отбасы" енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігі бұл уақытша шара балаларға қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын жасауға бағытталғанын айтты.

"Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіледі. Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды",- делінген ақпаратта.

Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар ғана орналастырылады:​

Ведомство ақпаратынша, қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде жетім балаларға арналған арнайы ұйымдар мен балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін аккредиттелген мекемелерде психологиялық дайындықтан өтеді.

Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.

Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған.

Айта кетейік, елімізде балаларды орналастырудың төрт түрі бар:

Министрлік балалар анықталған бойда интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға жіберілетіндігін, бұл олардың отбасы жылуын сезінуіне мүмкіндік беретіндігін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

4 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамы