Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүріп келе жатқан Lunking маркалы тракторда екі адам болған.
"Кабинада тек бір орын қарастырылғанына қарамастан, екіншісі оған мінгесіп алған. Қозғалыс кезінде екінші адам тепе-теңдікті сақтай алмай, трактордың артқы дөңгелегінің астында қарай құлаған", - деді құқық қорғау органдары.
Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Жүргізушіден алкоголь тұтыну белгілері анықталмады. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі, яғни "Көлік құралын басқарған адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
2025 жылғы 2 маусымда кешке Астанада автобус апатқа ұшырады. Зардап шеккендердің арасында болған мектеп оқушысы аяғынан айырылды.