Баласының өліміне кінәлі адамды жазалауды желі арқылы талап еткен әйел сотты болды

Сурет: pixabay
Ақмола облысы тұрғынының баласы жол апаты кезінде қаза тапқан. Ол белгілі бір адамды баласының өліміне себепкер деп айыптап, оны қатаң жазалауды талап етті. Алайда, соңында айыптаушының өзі сотты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір тұрғыны баласының өліміне өзінің қатысы бар деп жала жауып, мұны әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялау арқылы таратқан әйелге қатысты шаралар қабылдау жөнінде өтінішпен жүгінген.

"Сотта айыпталушы оқиғаға кінәлі адамның жол апаты орнынан кетіп қалғаны, ал құқық қорғау органдары істі бірнеше рет тоқтатып отырғанын айтып, сол себепті видеоүндеу жарилауға мәжбүр болғанын айтты.  Сонымен қатар, арызданушыға қатысты қылмыстық іс тіркелгені анықталды. Іс 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың маусымына дейін 3 рет қозғалып, тоқтатылып отырған. Видеоүндеуде әйел өзіне аян қылмыстық істі тергеу кезінде әуре-сарсаңға салу фактілері туралы хабарлаған", делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде әйел адам келесі негізде сотта ақталды:

"Соттың қаулысымен азаматша М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды