Түркістанда пойызға мінгелі тұрған жерінен қашқан әскерге шақырылушының досы жазаға кесілді

Сурет: pixabay
Түркістан облысында әскерге шақырылушы шығарып салу кезінде темір жол перронында қашып кетті. Ол үшін оның досы жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 9 шілдеде Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылдың 25 мамырында сағат түнгі 00:30 шамасында Түлкібас теміржол станциясының перронында, әскерге шақырылғанның досы қоштасу барысында полиция қызметкеріне кедергі жасап, қарсылық танытқан.

Салдарынан әскерге шақырылған тұлға поезға мінбей, қашып кеткен.

Сотта, құқық бұзушы Ө. кінәсін толық мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен Ө. кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде, яғни 117 960 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін Перизат Қайраттың соты ашық, бірақ кейбір шектеулермен өтетіні хабарланған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады