Маңғыстау облысында автобус 10 жасар қызды қағып кетіп, мерт етті

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында автобустың қатысуымен жол апаты орын алып, салдарынан 10 жасар қыз қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz аймақтық басылымы өңір полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, қайғылы оқиға 8 шілдеде сағат 17:30 шамасында болғанын хабарлайды.

Баланы Ақтау-Маңғыстау бағыты бойынша қатынайтын автобус қаққан. Қыз бала алған ауыр жарақаттарына байланысты оқиға орнында көз жұмды.

"Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адамның өліміне әкеліп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көлік айып тұрағына қойылды", деп хабарлады аймақ полициясы.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы