Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Әсет Масабаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары, жол апаты , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 13:59 Сурет: gov.kz
9 шілдеге қараған түні Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік апатына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Байсерке-Төңкеріс тас жолында болған белгілі. Өңір полициясы аталған оқиғаға қатысты тергеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді. Өзге мән-жайлар ашып айтылмайды.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Масабаевтың жағдайына қатысты түсініктеме берді:

"Науқастың жол апатынан кейінгі жағдайы тұрақты деп бағаланады, есін біледі. Медициналық ем-дом шаралары Алматы облысы бойынша бекітілген хаттамалар аясында жүргізілуде".

Бұған дейін Балқаш маңындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: