Астанада ұятсыздыққа барған InDrive такси жүргізушісі жазаланды

Сурет: pexels
Астана қаласының тұрғыны InDrive такси жүргізушісінің масқара әрекетін сөз етіп, көпшілікке шағымданды. Бұл туралы ақпарат Threads әлеуметтік желісінде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздың желідегі жазбасы көптеп тарады.

"Ол айнадан маған қарады, оның ұятсыз нәрсе жасап жатқанын бірден ұқтым (мастурбация). Барлығы көрініп тұрды. Мен демімді ішіме тартып, қорқыныштан сұп-сұр болып кеттім. Қасымда анам болған, бірақ ол ештеңе байқамады", – дейді жәбірленуші.

Жазба астына пікір қалдырушылар аталған сервис қызметінен бас тартуға шақыра бастады, ал қыздар таксиге қатысты өз басынан өткен оқиғалармен жаппай бөлісуде.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

"Аталған факт бойынша құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімі бойынша ол 15 тәулікке қамауға алынды", деп жауап берді полициядан.

Полиция азаматтарға қатысты барлық заңсыз әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде тыйылатынын еске салады.

Бұған дейін елордада жолаушы такси жүргізушінің телефонын ұрлап кеткенін жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты