Оралда полицейлер биіктен секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Сурет: polisia.kz
Орал қаласында "102" қызметіне Қонаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан әйел адам секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері — Тұрарбек Бақдәулет пен Дамир Серіков дереу шатырға көтеріліп, әйелді дер кезінде құтқарып қалды.

"Полицейлер мен құтқарушылардың кәсібилігінің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алынды. Қазіргі уақытта әйелдің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", делінген полиция хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бұған дейін Ақтауда 16 жасар жасөспірім биіктен секіріп көз жұмғанын жазғанбыз.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты