Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Сурет: pexels
Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты киім киіп, жеделсаты істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеосын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция мұндай "әзілге" жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.

Бұған дейін пранк түсіремін деп қытайлардан әбден сөз естіген қазақстандық блогер қыз полиция назарына іліккенін жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін