"1414" хабарламасы кесірінен ақтөбелік үйінен айырылып, 18 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойған

Сурет: Zakon.kz
70 жастағы зейнеткер екі ай бойы алаяқтардың психологиялық ықпалында болып, оларға 18 миллион теңгеден астам қаражатын аударған. Соның салдарынан баспанасынан да айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 тамызда Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өмір бойы ұстаздықпен айналысқан қария тамыз айының басында ғана алданып қалғанын түсініп, полицияға жүгінгенін хабарлайды.

"Тергеу барысында зейнеткердің алдымен 20 жыл бойы жинаған жинақ ақшасын (шамамен 9 миллион теңге), кейіннен пәтерін сатқаннан түскен қаражатын да алаяқтарға бергені анықталды. Екі жағдайда да ақша такси қызметі арқылы — маусым және шілде айларының соңында жолданған", деп хабарлайды ПД.

Алаяқтар кең таралған схема бойынша әрекет еткен: алдымен жәбірленушінің телефонына SMS-хабарлама келген, артынша өзін eGov порталының қауіпсіздік қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалып, банк шотына шабуыл жасалып жатқанын айтқан. Осы сылтаумен олар әйелді ақшасын "қауіпсіз шотқа" салуға көндірген. Жалғызбасты зейнеткердің шетелде тұратын қызына бару үшін пәтерін сатқалы жатқанын естіген алаяқтар оның сеніміне кіріп, пәтер сатудан түскен қаражатты да өздеріне жіберуге сендірген.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында киберполиция қызметкерлері қаражаттың Шымкент қаласына жіберілгенін анықтады. Іссапарға дереу шыққан жедел топ ұрланған ақшаны іздеп тауып, тәркіледі".

22 тамызда полиция қызметкерлері жәбірленушіні бөлімге арнайы шақырып, жымқырылған 9 млн теңгесін табыстады.

"Өмір бойы ұстаз болып еңбек еттім, өзімді сауатты адам санаймын. Бірақ алаяқтарға қалай сеніп қалғанымды түсінбеймін. Неге бірден полицияға немесе банкке жүгінбегенімді де білмеймін. Екі күннен кейін туған күнім — бұл сіздерден алған ең үлкен сыйым болды," — деді ол.  

Бұған дейін Астана тұрғыны бірнеше адамды автонесие алуға көндіріп, көліктерін өзіне алғанын, артынша ол темір тұлпарларды шетелге сатып жібергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты