Астаналық 270 млн теңгеге автонесие арқылы алаяқтық жасады

Покупка автомобиля, продажа автомобиля, покупка машины, продажа машины, автокредитование, автокредит, кредит на автомобиль, кредит на машину, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2025 11:45 Фото: pexels
Астана тұрғыны бірнеше адамды автонесие алуға көндіріп, көліктерін өзіне алған. Артынша ол темір тұлпарларды шетелге сатып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 22 тамызда елорда прокуратурасы мәлімдеді.

"Елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірді. Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берді, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсады",- делінген ақпаратта.

Ал, жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: