Авариялық-құтқару қызметтері құтқарушыларына сыныптылық үшін үстемеақы төлеу қағидалары жаңартылды

Фото: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 14 тамыздағы бұйрығымен авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушыларына сыныптылық үшін үстемеақы төлеу қағидаларының жаңа редакциясын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мерзімдік аттестация барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ оны мерзімдік, кезектен тыс және қайта аттестация кезінде растаған авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушыларына үстемеақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төленеді.

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушыларына сыныптылық үшін үстемеақы төлеу мерзімдік аттестация қорытындысы бойынша сыныптылық беру (растау) туралы авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының басшысының немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Мерзімдік немесе кезектен тыс аттестациядан өтпеген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушыларына сыныптылық үшін үстемеақы төлеу тиісті бұйрық негізінде тоқтатылады.

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушыларына сыныптылық үшін үстемеақы төлеу олар қайта аттестациядан өткеннен кейін сыныптылықты растау туралы авариялық-құтқару қызметі мен құрылымының басшысының немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысының тиісті бұйрығы негізінде қайта басталады.

Авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушысы қайта аттестация кезінде сыныптылығын жоғалтқан (растамаған) жағдайда, сыныптылық үшін үстемеақы төлеу тиісті бұйрық негізінде тоқтатылады.

Бұйрық 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді