Қазақстанда салық төлеушілерді жаңа тәсілмен тіркеу жоспарлануда

Фото: freepik
Қаржы министрінің "салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы" бұйрығының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобамен салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою, тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындайтын Салықтық тіркеу қағидаларын, сондай-ақ "Салық төлеушілерді тіркеу", "Дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғаның тіркеу есебі", "Қосылған құн салығы бойынша салықтық тіркеу есебі" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту көзделген.

Жобаның мақсаты салық төлешілердің салықтық тіркеу рәсімдерін оңайлату және оңтайландыру, тіркеу деректерінің дәлдігі мен өзектілігін арттыру, сондай-ақ салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру.

Күтілетін нәтиже – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, оларды көрсету мерзімдерін қысқарту.

Құжат 11 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты