Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру: жаңа ережелер

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 26 тамызда Төтенше жағдайлар министрі объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекітті. Бұл қағидалар 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша төтенше жағдайлар департаменттері береді.

Қорытынды алу үшін электрондық үкімет веб-порталы арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде электрондық құжат нысанында өтініш беру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

Қызмет тегін көрсетіледі, орындау мерзімі – 15 жұмыс күніне дейін.

Қызмет алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті қарау мәртебесі туралы ақпарат және нәтижені алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Өтініш берілгеннен кейін, қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері өтінішті Порталда тіркейді, қызмет алушы құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама алады, ал қызмет көрсетуші басшысы өтінішке жауапты орындаушыны белгілейді.

Орындаушы құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Егер барлық қажетті құжаттар ұсынылса, қызмет көрсетуші өрт-техникалық тексеру жүргізеді.

Қағидаларда, егер оң шешім қабылданса, қызмет көрсетуші қорытындының электрондық нұсқасын қалыптастырады деп көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда не болады

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда, қызмет көрсетуші бір жұмыс күні ішінде қызмет алушыны осы шешім туралы, сондай-ақ тыңдаудың уақыты мен орны (нысаны) туралы хабардар етеді. Бұл қызмет алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін жасалады.

Тыңдау нәтижесі бойынша қызмет көрсетуші не рұқсат береді, не мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту туралы жауап береді.

Бас тартуға негіз болатын себептер:

Объектіде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі;

Қызмет алушы ұсынған құжаттарда және (немесе) ондағы деректерде дәлсіздіктің (жалған ақпараттың) анықталуы.

Қызмет көрсетушінің басшысы электрондық нәтижені бір жұмыс күні ішінде қол қояды және оны Портал арқылы береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің көшірмесі сол күні электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы аумақтық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына жіберіледі.

Қызмет көрсетуші осы мерзімде қорытынды беру туралы шешім қабылдағаны жөнінде өтініш берушілерді бір мезгілде тиісті қорытындыны бере отырып хабардар етеді.

Қорытындыны алу үшін ұсынылған құжаттар мен оның нәтижелері қағаз нұсқада жеке іске тіркеледі.

Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда Өрт қауіпсіздігі қағидалары өзгергені туралы хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды